You are here

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 11 наурыздағы № 40 бұйрығына өзгерістер мен толықтыр

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер

бойынша сот актілерінің заңдылығына

прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру

жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының

2015 жылғы 11 наурыздағы № 40 бұйрығына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Прокурорлық қадағалауды жетілдіру және әкімшілік процесске прокурордың қатысуын тиімдеуге байланысты «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4), 4-1) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 11 наурыздағы №40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 14 сәуірде №10706 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған бұйрықпен бекітілген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтағы:

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Бірінші, апелляциялық және кассациялық сатылардағы соттарға қатыса отырып, прокурор өз өкілеттігін Қазақстан Республикасының Конституциясына, ӘҚБтК-не, Заңға және өзге де заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Прокурор міндетті түрде бірінші сатыдағы соттар қарайтын әкімшілік істерге (бұдан әрі - міндетті санаттағы істер) қатысады:

кәмелетке толмағандарға қатысты;

қамауға әкеп соғатын;

оның қатысуы жоғары тұрған прокурормен қажет деп танылған;

оның өзімен қозғалған;

ӘҚБтК-нің 44, 45-тарауларында  көзделген тәртіпте, егер де сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы, қоршаған ортаны қорғау, салық салу, кеден ісі саласында, сондай-ақ,  көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасына әкеп соғатын істер бойынша органның (лауазымды тұлғаның) әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану немесе  қаулыларына қатысты істерге.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Іс материалдарымен танысу нәтижелерін қатысушы прокурор алдын ала прокуратура басшысына немесе жетекшілік ететін орынбасарға баяндайды, соттың істі қарау нәтижелері бойынша, сот қаулысымен келіскен кезде прокуратура басшысы немесе жетекшілік ететін орынбасар бекітетін сот актісінің заңдылығы туралы қорытынды жасалады.

Бірінші сатыдағы сотта қатысқан прокурордың қорытындысы жазбаша түрде жасалады және онда:

құқық бұзушының кінәсінің болуы немесе жоқтығы, оның әрекетінің дұрыс дәрежеленуі;

прокурордың жоғарыда көрсетілген тұжырымдардың біріне тоқтауға негіз болған дәлелдемелер;

оған істің мән-жайын және құқық бұзушының жеке басын ескеріп, сол немесе өзге жаза түрін қолдану туралы, не істі қысқарту қажеттігі туралы көрсетілуге тиіс.

Жоғарыда аталғанға қоса апелляциялық тәртіппен қайта қарауға жататын іс бойынша қорытындыда:

қайта қарауға жататын сот актілерінің мазмұны, соттың позициясы;

қатысқан прокурорлар, қорытындылардың қысқаша мазмұны;

шағымдағы (өтінішхаттағы) дәлелдер;

шағымның (өтінішхаттың) негізділігі туралы тұжырымдар туралы мәліметтер де қамтылуға қажет.

Прокурордың қорытындысы ӘҚБтК-нің 823-бабының 2-бөлігіне сәйкес әкiмшiлiк қамауға алу туралы, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы қаулының көшiрмелері соттан келіп түскен кезде де жасалады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы, қоршаған ортаны қорғау, салық салу, кеден ісі саласында, мүлікті тәркілеу, Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу және заңсыз тұрғызылған құрылысты бұзуға, көлік құралын мас күйде басқарғаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасына әкеп соғатын істер бойынша өндірісті тоқтатумен келіскен жағдайда облыстардың, Астана, Алматы қалалары мен оларға теңестірілген прокурорлар немесе оның міндетін атқарушы тұлға, сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәулік мерзімнен кешіктірмей дәлелді қорытындыны бекітіп, оны Бас прокуратураға жолдайы (бақылау тәртібінде).»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген істерге қатыса отырып, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 16-тармағында аталып көрсетілген істер бойынша  қаулылардың заңдылығын тексеріп, прокурор әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қозғалған кезінен бастап органның (лауазымды тұлғаның) барлық әрекетінің (әрекетсіздігінің) заңдылығына баға береді.

Органдар (лауазымды тұлғалар), жеке және заңды тұлғалар тарапынан заң бұзушылықтар анықталған жағдайда прокурор сотта жеке қаулы шығару туралы өтініш береді. 

Қажет болған кезде прокурор қосымша тексеру жүргізу туралы бастама жасайды, оның нәтижелерімен кінәлі тұлғаларды заңда көзделген жауапкершілікке тарту, заң бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы шара қолданады»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Апелляциялық наразылық ӘҚБтК-нің 840-бабында көзделген сот қаулысының күшін жоюға не өзгертуге негіздер болған кезде ғана келтіріледі. Апелляциялық наразылық келтіру құқығы бірінші сатыдағы сотта істі қарауға қатысқан прокурорға тиесілі. Бас Прокурор және оның орынбасарлары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар өз құзыреті шегінде істі қарауға қатысқанына қарамастан, сот қаулысына наразылық келтіруге құқылы.

Наразылық келтіру мерзімі өтіп кеткен жағдайда ӘҚБтК-нің 832-бабының 4-бөлігінің ережелерін қолдану қажет.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Әкімшілік істі қарау кезінде жіберілген материалдық және процестік құқық нормаларының елеулі бұзылуы анықталған кезде, соның ішінде апелляциялық наразылықты қанағаттанды - русыз қалдырған немесе іске қатысқан прокурор мен сот ұстанымы арасында  айырмашылық болғанда, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар Бас прокуратураға кассациялық наразылық келтіру туралы ұсыныс енгізеді.»;

Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлғаның не өзiне қатысты әкiмшiлiк iс жүргiзу тоқтатылған тұлғаның жағдайын нашарлататын жағына қарай кассациялық наразылық келтіру туралы ұсыныс Бас прокуратураға апелляциялық сатыда қаулы қайта қаралған күннен кейін 30 тәуліктен  кешіктірілмей жолданады. Бас прокуратураға аталған мерзім өтіп кеткеннен кейін келіп түскен ұсыныстар себептері дәлелді құжаттармен бекітілген түсіндірумен бірге жолданады.»;

16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«16. Прокурорлар сот процесіне қатыспаса да, сот актісі заңды күшіне енгенге дейін келесі сот қаулыларының заңдылығын  тексереді:

әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қысқарту жөнінде;

жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот қаулысын қайта қараудан бас тарту немесе қанағаттандыру туралы;

сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық туралы;

қоршаған ортаны қорғау саласында;

салық салу саласында;

кеден ісі саласында.»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға, жәбірленуші, қорғаушы, заңды өкіл мен аталған тұлғалардың өкілдерінен, сондай-ақ уәкілетті органдардан (лауазымды тұлғалар) апелляциялық наразылық келтіру туралы өтінішхат келіп түскен жағдайда, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және оларға теңестірілген прокурорлар, аудан, қала, әскери, көлік және басқа да мамандандырылған прокурорлар шағымданып отырған сот қаулыларының заңдылығын істі сұрату және зерделеу арқылы қарайды..   

Егер де апелляциялық шағымдану тәртібі сақталмаған істер бойынша өтінішхаттар келіп түскен жағдайда, арыз берушіге ӘҚБтК-нің 832-бабының 4-бөлігі негізінде оның апелляциялық сот сатысына өздігінен апелляциялық шағым беру құқығы түсіндіріледі.

Өтінішхат қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайда прокуратура басшысы не оның міндетін атқарушы тұлға бекіткен жазбаша қорытынды жасалады, ал өтініш иесіне дәлелді жауап беріледі.»;

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. Бас Прокурор, оның орынбасарлары, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар кассациялық тәртіпте тексеру үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тиісті соттан сұрата алады. 

Істерді, тексеру материалдарын, ақпараттарды сұрату туралы тапсырма өтініш түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей өтінішті тікелей қарайтын лауазымды тұлғаға жіберіледі.»;

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Әкімшілік істер бойынша наразылықтардың сапасы кері қайтарылған, қайтарылған және қанағаттандырусыз қалдырылған апелляциялық наразылықтың талдауына негізделе отырып жоғары тұрған прокуратурамен бағаланады.

Негізсіз наразылықтар ескеріледі. Оларға ӘҚБтК және осы Нұсқаулықпен анық (айқын) бұзып дайындаған наразылықтар жатады. Осы мән-жайлардың болуы не жоқтығы ол бойынша қабылданған шешімдер туралы наразылықты және құжаттарды зерделеу арқылы айқындалады.

Осы мақсаттарда апелляциялық наразылықтардың қанағаттандырылу есебі жүргізіледі, ол мына формула бойынша есептеледі:

100 % - (қанағаттандырусыз қалдырылған/қаралған) х 100 % = қанағаттандырушылық.

Бұл ретте бұрын апелляциялық наразылық бас тартылған іс бойынша кассациялық наразылық (төмен тұрған прокурордың ұсынымы бойынша келтірілген нарызылығы) қанағаттандырылған жағдайда, бас тартылған апелляциялық наразылықтардың саны туралы статистикалық есептің мәліметі азаю жағына қарай түзетіледі.

Облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар негізсіз наразылықты кері қайтарып алған жағдайда төмен тұрған прокурорға осындай шешімнің уәжін жазбаша немесе электрондық құжат нысанында хабарлайды және мұндай қателіктердің алдын алуға шаралар қабылдайды.

Апелляциялық (кассациялық) сатыдағы сот наразылықты келтірген адамның не жоғары тұрған прокурордың өтінішін қанағаттандырған жағдайда, наразылық кері қайтарылып алынды деп есептеледі.

Наразылық келтірген тұлғаның не жоғары тұрған прокурордың өтінішін қанағаттандыру туралы апелляциялық сатыдағы сот тиісті қаулы шығарған,  сондай-ақ апелляциялық шағым бойынша  істі қараған кезде апелляция қаулысында соттың наразылықты кері қайтаруды қабылдау туралы тұжырымы  болған жағдайда, наразылық кері қайтарып алынған деп саналады.»;

25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«25. Бас прокуратура кассациялық тәртіпте өз бастамасымен немесе кассациялық наразылық келтіру туралы өтінішхаттар және облыс, Астана, Алматы қалаларының прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлардың ұсыныстары бойынша заңды күшіне енген сот актілерінің заңдылығын тексереді.»;

27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«27. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына берілетін кассациялық  наразылығын келтіру туралы өтініште:

1) өтініш жолданған лауазымды тұлғаның атауы;

2) өтініш беруші адамның атауы; оның тұрғылықты жері немесе тұрған жері және іс бойынша процессуалдық жағдайы;

3) істі бірінші және апелляциялық сатыларда қараған соттарды және олар қабылдаған шешімдердің мазмұнын көрсету;

4) наразылық келтіру ұсынылып отырған сот қаулысын көрсету;

5) материалдық не процессуалдық құқық нормаларын елеулі бұзушылықтың мәні неден көрінеді және өтініш беруші адам өтінішінің неден тұратыны қамтылуға тиіс.

Өтінішке оны беруші тұлға немесе оның өкілі қол қоюға тиіс. Өкіл берген өтінішке сенімхат немесе өкілдің өкілеттігін куәландыратын басқа да құжат қоса берілуге тиіс.

Өтінішке іс бойынша шығарылған қаулының сот куәландырған көшірмелері қоса берілуге тиіс.

Өтініш жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, оны берген тұлғаларға қайтарылуға жатады.

Кассациялық наразылық келтіру туралы тұлғалардың өтініштерін және прокурорлардың ұсынымдарын қарау істер талап етіліп жүзеге асырылады.

Өтінішхат қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайда Департамент бастығы не оның міндетін атқарушы тұлға бекітетін жазбаша қорытынды жасалады, ал арыз берушіге  дәлелді жауап беріледі.

Департамент бастығы, оның орынбасары, Департаменттің басқарма және бөлім бастығы негізінен қарау үшін өтінішхатты облыстардың, Астана, Алматы қалалары прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорларға арыз берушінің уәждерін тексеру үшін, іс үшін маңызы бар мән-жайларды толық, жан-жақты және объективті анықтау мақсатында қосымша тексерулер жүргізу үшін  жолдауға құқылы.

Бұл ретте арызданушыға Бас Прокурорға тиісті өтініш бере отырып қайта жүгіну құқығы түсіндіріледі.».

2. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, ведомстволары мен мекемелерінің барлық қызметкерлері мен қызметшілері таныстырылсын.

3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми сайтына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Бас Прокуроры  Ж. Асанов

 

ТіркемеКөлем
Microsoft Office document icon prikaz_po_instrukcii_kaz_3.doc81.5 KB

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.