You are here

Баспасөз ақпараты

Қазақ

Бас прокуратурада бірінші жартыжылдық қорытындыланды

Бүгін Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен Бас прокуратураның алқа отырысы өткізілді. Оның барысында 2018 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысқа қорытынды жасалды.

Бас Прокурор азаматтардың конституциялық құқығын қамтамасыз етуге және мемлекет мүддесін қорғауға бағытталған мәселелерге баса назар аударды.  

Жиында прокурорлық қадағалау нәтижесінде 3 млн. азаматтың құқығының қорғалғандығы туралы айтылды.

Пікірлер саны: 0

Автобустың өртенуі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды

Ақтөбе облысының прокуратурасы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында автобустың өртенуі салдарынан 52 Өзбекстан азаматының мерт болуына байланысты істі сотқа жолдады.

5 адам айыпталушы деп танылды. Оның 3-еуі автобус жүргізушісі және «Азия транзит сервис» ЖШС 2 қызметкері – құрылтайшы мен серіктестіктің механигі. Аталғандардың міндеті – рейске шығар алдында автобусты тексеру.

Пікірлер саны: 0

Қазақстан және БАӘ сотталған тұлғаларды беру туралы уағдаласты

 

Астанада БАӘ Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары – Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянның ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб  Әмірліктерінің арасында Сотталған адамдарды беру туралы шартқа қол қою рәсімі өтті.

Шартқа Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров пен БАӘ Әділет министрі Сұлтан бен Саид Әл-Бади қол қойды.

Пікірлер саны: 0

Жаңа кадрлық тағайындаулар

Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың 2018 жылғы    4 шілдедегі бұйрығымен Бас прокуратурада кадрлық тағайындаулар жасалды.

Жұмыс тәжірибесі, басшылық қызметтегі еңбек өтілі ескеріліп, Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығы лауазымына 1976 жылы туған Талғат Маратұлы Татубаев тағайындалды.

3 дәрежелі жоғары біліктілік сыныбы бар.

Құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі 20 жылдан асады.

Пікірлер саны: 0

Кадрлық тағайындаулар

 

Бүгін Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров ұжымға Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ерғали Серікбайұлы Мерзадиновты, сондай-ақ Бас әскери прокурор Дастан Шаймерденұлы Сартаевты таныстырды.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 3 шілдедегі өкімімен әділет генерал-лейтенанты Е.С. Мерзадинов Академия ректоры қызметіне тағайындалды.

Е.С. Мерзадинов 1958 жылы туған. С.М. Киров атындағы ҚазМУ «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Пікірлер саны: 0

Чехиядан экстрадицияланды

Қазақстанның Бас прокуратурасы және ІІМ қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Чехиядан Владимир Чаплинскийді экстрадициялады.   

Анықталған тұлғаны беру туралы Қазақстан Бас прокуратурасының тиісті сұраун Чехияның Әділет министрлігі қанағаттандырды.

Пікірлер саны: 0

Ж. Ертаевқа Ресейде тұруға берілген құқығының күші жойылды

Бас прокуратура Ресей Федерациясынан «РБК Банк» АҚ директорлар кеңесі төрағасының бұрынғы кеңесшісі Ж.Ертаевты экстрадициялау бойынша шараларды қабылдауда.

Банк қаражатынан 160 млн. АҚШ долларын жымқырғаны үшін оған қатысты іздестіру жарияланғанын естеріңізге саламыз.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша 2018 жылғы 14 маусымда Мәскеу қаласының Пресненск аудандық соты тағайындаған «үй қамауы» түріндегі бұлтартпау шарасы а.ж. 8 қарашаға дейін ұзартылды.

Пікірлер саны: 0

Еуропа Кеңесі Қазақстанның заңнаманы ізгілендіру бойынша жетістігін жоғары бағалады

Еуропалық Кеңесте (Страсбург қаласы, Франция) «Қазақстан билігіне сот төрелігінің сапасы мен тиімділігін жақсартуда қолдау көрсету» Еуропалық Кеңестің бағдарламысын іске асыруға арналған ресми  іс- шара өтті.

Іс-шараға Еуропарламент депутаттары, халықаралық құқық қорғаушы ұйымдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар мен әлемдік  БАҚ қатысты.

Қазақстандық делегация Бас прокуратура, Жоғарғы сот, Ішкі істер және Сыртқы істер министрліктерінің өкілдерінен тұрды.

Пікірлер саны: 0

Грузиядан аса қауіпті қылмыскер экстрадицияланды

Бүгін Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін аса қауіпті қылмыскер Беслан Лорсановты Грузиядан экстрадициялады.

Алматы қаласының Ішкі істер департаменті ұсталғанды 2011 жылдан бері А.Б. Хачатрянның өліміне қатысты іздестіріп келді. Ол  атыс қаруын қолдана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен қарақшылық жасағаны үшін күдікті. Олардың келтірген материалдық шығыны 300 млн. теңгеден асады.

Пікірлер саны: 0

Қазақстан мен Бразилия өзара құқықтық көмек көрсету туралы уағдаласты

Астанада Қазақстан Республикасы және Бразилия Федеративтік Республикасы арасында қылмыстық істер, сотталған адамдарды ұстап беру және тапсыру туралы өзара құқықтық көмек көрсету шарттарына қол қою рәсімі өтті.

Шарттарға Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров пен Бразилия Федеративтік Республикасының Әділет министрі Торкуато Жардим қол қойды.

Пікірлер саны: 0

Беттер


Subscribe to RSS - Баспасөз ақпараты
Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.